Кәсіпорын баспасөз қызметінің хабарлауынша, мердігер ұйым ThyssenKrupp AG неміс индустриалды  концернінің шеф-инженерлері 2016 жылдан бастап салынып жатқан №2 ЦТАК С1 конвейер таспасының бірінші сынақ топтама жұмыстарын өткізген. Үдерісті іске қосу кезінде ретке келтіру, қадағалау жүйесі және конвейер басқару бойынша жұмыстар атқарылды.Сынақ кезінде тартылмалы құрал алғашқы рет іске қосылды. Сонымен бірге, шеткі қосқышты реттеу, конвейер тартылмалы құрал таспасының механизмі сынақтан ойдағыдай өтті. Яғни жұмыстар табысты атқарылды.

– С1 конвейер таспасын іске қосу – №2 ЦТАК ең бірінші және маңызды қадамы. Тамыз айының соңында іске қосу кестесіне сәйкес С2 конвейері және ұсақтау құралы механизмді қолданысқа қосуды жоспарладық. ЦТАК конвейерін қалыпқа келтіру жұмыстарымен қатарлас кешенді үзіліссіз электр энергиямен қамтамасыз ету үшін 35кВ электр желісі құрылысы салынуда және де модульді қосалқы станция 35/6 кВ, - деп,«Шығыс» кенішінің директоры Юрий Гончаров хабарлады.

№2 ЦТАК бірінші кезегін салу құны 11,4 млрд. теңгеден асты, бұл сомаға уатқыш қондырғы және С1, С2 конвейерлері кіреді.

№2 ЦТАК бірінші кезегі өндіріс үрдісіне биылғы жылдың қыркүйек айында  іске қосылмақ. Жаңа кешеннің толық өндіріс қуаты – 20 млн. м3 жылына, яғни 2010 жылы қолданысқа тапсырылған №1 ЦТАК  мөлшерінен екі есе жоғары. Мамандардың пікіріне сәйкес,№2 ЦТАК іске қосылғаны аршу жұмыстарының құнын төмендетеді, еңбек өнімділігін көтереді, көмір қабаттарын ашуға көмектеседі, көмір өндіру көлемін және сапасын көтереді, соңдықтан бәсекеге қабілетті өнім қабілеттілігін қамтамасыз етеді, яғни жоғары көтереді.

pavlodarnews.kz

Тэги: