Павлодар облыстық Панкратион және Грэплинг  федерациясының президенті Алтынбек Рысжановтың айтуы бойынша, турнирге аталмыш спорт клубының үш тәрбиеленушісі қатысқан.

- Алматы қаласында Грэплинг спорты бойынша өткен халықаралық турнирде балалар, жастар және ересектер өнер көрсетті. Байрақты бәсекеге Павлодар облысынан үш спортшы барды. Турнир қорытындысы бойынша,  40 келі салмақта өнер көрсеткен Әділ Қанатбай чемпион атанды. Сонымен қатар, біздің клубтың атынан барған 17 жасар Ислам Сыздықов пен 18 жасар Шушаев Рустам жүлдеге іліне алмады, - дейді Алтынбек Рысжанов.

Айта кетейік, «Абылай» ережесіз жекпе-жек клубының құрылғанына небары екі жыл ғана уақыт болған. Бүгінгі күнге дейін олардың бағындырған белестері аз емес. Жақында Қазақстан чемпионатынан 31 медаль олжалап, Павлодардың намысын атын тағы бір асқақтатқан болатын.

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz

Тэги: