Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ақпарат бөлімінің хабарлауынша, бес қабатты жатақхананың үшінші қабатынан тұтанған өрт ғимараттың 40 шаршы метр аумағын шарпыған.

- Жатақхана бөлмелеріне кірген оттан үй ішіндегі киімдер, тұрмыстық техникалар, ағаш полдар жанған дейді, - мамандар. – Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар 31 адамды қауіпс із жерге шығарды. Оның 12-сі бала. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен бір техника және үш адам жұмылдырылды.

Мамандардың сөзінше, өрт түнгі сағат 01:19 минут дегенде толықтай сөндірілген. Денсаулығы сыр бергендерге апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері сол жерде көмек көрсетті. Қазіргі таңда өрттің себеп-салдары мен шығын көлемі анықталуда.

 Талғат Төре

pavlodarnews.kz

Тэги: