Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ақпарат бөлімінің хабарлауынша, қауіпті Ертіс өзенінің қауіпті аумағында шомылып жүрген балаларды құтқарушылар өздерінің кезекшіліктерін атқару кезінде көріп қалған.

- Кеше күндізгі сағат 13 кезінде 7-12 жас аралығындағы бір ұл және үш қыз бала үлкендердің қарауынсыз Ертістің тиым салынған жеріне шомылған, - дейді мамандар. – Суға түскен балалар жағадан едәуір алыстап кеткен. Кәсіби тәжірибелі құтқарушылар мұндай батылдық жақсылыққа әкелмейтіндігін ескертіп, балаларға қайық жіберді. Сөйтсек, балалар батып бара жатқан біреуіне қалғандары көмек көрсетіп, өздері де әзер жүзіп келеді екен. Балалардың бойларын үрей билеген, абырой болғанда құтқарушылар қайығы дер кезінде жетіп үлгеріп, балалар дін аман құтқарылды.

Құтқарушылар балаларға тек профилактикалық жұмыстар жүргізіп қана қоймай, оларды полиция қызметкерлеріне тапсырған. Полицейлер ата-аналарын шақыртып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Талғат Төре

pavlodarnews.kz

Тэги: