Бұл туралы Baq.kz хабарлады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады.

Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Сонымен қатар бұршақ та соғуы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

pavlodarnews.kz

Тэги: