Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында белгілі болды.

- МАЭС-1 жаңғыртуы 2005 жылы басталды, - дейді бас инженер Александр Черепенин. – Соңғы жұмыстар №2 блокта жүргізілді. Өзге блоктарда болмаған ең соңғы техникалармен жабдықталды. Бұл жұмыстарға жалпы 61,5 млрд теңге қаражат кетті. Бұл көтерілген тарифтен жиналған қаржы, бірақ, уақыт өте келе ақша өз орнын толтырады. Қазір, өндірілетін электрэнергиясының деңгейі 7 пайызға ұлғайды. Дәл мұнда МАЭС-1 үшін арнайы дайындалған турбина іске қосылды, мұндай жабдық Қазақстанда жоқ. Біздің еліміз үшін энергияға тәуелсіздік артты деуге болады. Өз мемлекетімізден басқа Ресейге электрэнергиясын курсқа байланысты нарық бағасымен 400 МВт көлемінде тасымалдаймыз.

Айта кетейік, аталмыш блокта жұмыстар 2012-2014 жылдар арасында өтті.
Бас инженердің айтуынша, кәсіпорын №1 блоктың жобалық қуаттылығын қайта қалыпқа келтіруді көздейді. Қазақстан үшін қажет болған жағдайда, №9,10 блоктардың құрылысы басталады.

- Мен бұл станцияда 1991 жылдың қаңтарынан бастап істеп жатырмын, 1995 жылдан бері машинист болып қызмет етемін. Жаңғыртудан кейін жұмысымыз едәуір жеңілдеді, мәселен, орындықта отырып блоктың барлық жұмысын бақылай аламыз. Бұрын тізімдемені толтыру үшін блокты айналып өту керек болатын, қазір жоқ. Сонымен қатар қанша көмірдің пайдаланғанын көре аламыз, бұрын оны білмейтін де едік, - дейді энергоблок машинисты Анатолий Камнев.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: