Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінде хабарлады. 

- 40 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде тыйым салынған жерде шомылған. Сағат 14:00-де куәгерлерлер оның денесін судан тауып шығарды.

Құтқарушылардың айтуынша, жыл басынан бері 10 адам судан ажал құшты, оның үшеуі бала. Көбі мас күйінде суға түскен. 79 адам құтқарылды, оның - 30-ы бала.

- Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін тәртіп сақшыларымен бірге рейд шаралары жүргізіліп, аңдатпалар таратылады. Бірақ, адамдар оны ескермейді. Сондықтан бұдан былай қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтар, жағажайда ішімдік ішкендер мен балаларын қараусыз қалдырғандар әкімшілік жауапқа тартылады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412-бабына сай 7-ден 60-қа дейінгі АЕК көлемінде айыппұл тағылады, - дейді департамент мамандары.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz

Тэги: