Сайттың жаңартылғаны туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Азамат Байтенов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

- Ең бастысы пайдаланушыларға қажетті ақпаратты іздеуде ыңғайлы болу үшін сайттың үстіңгі жағында бірыңғай мәзір жолағы орналасқан. Мәзір бөлімдерін құрылымдау, навигацияның атқарымдық жүйесі, барлық шолғыштар дұрыс бейнеленіп, мәліметтерді сәйкестендіру жүйесі құрылған. Сондай-ақ сайт пайдаланушыларына арналған мемлекеттік органдардың өзге ресурстарына қосымша сілтемелер бар, облыс және аймақ жаңалықтарының мәтіндері ыңғайлы орналасқан, - деп жазды Азамат Байтенов.

Айта кетейік, сайтта мүгедектерге арналған қолжетімді картасы мен құқық бұзушылық картасы бірінші рет орналастырылды, ең бастысы мемлекеттік орган басшыларымен интернет-конференциясы өткізіледі, мұнда облыстың әрбір тұрғыны сұрақ қоя алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: