Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жазғы уақытта облысымыздың бастауыш сынып, қазақ тілі және ағылшын тілі, физика, математика, биология, химия, информатика, география, Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндерінің мұғалімдері курста біліктілігін арттырады. Сонымен қатар, мектеп директорлары мен олардың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандлық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері де біліктілік арттыру курстарында тәжірибелерін шыңдайды. 2017 жылы Педагогикалық шеберлік орталығында облысымыздың 1919 педагог қызметкері курстан өтеді деп жоспарланып отыр. Курс тыңдаушыларына Педагогикалық шеберлік орталығының сертификатталған тренерлері мен облысымыздың тәжірибелі ұстаздары дәріс оқиды.

Курс барысында мұғалімдер білім берудегі озық әдіс-тәсілдерді игеріп, бағалау критериясының жүйесімен танысады.

Әр тыңдаушыға оқу-әдістемелік материалдар электрондық түрде беріледі, сонымен қатар Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz және Жүйелі-әдістемелік кешеннің smk.edu.kz білім беру порталдарындағы ресурстар қол жетімді.

Жаңа оқу жылының 1-ші қыркүйегінен бастап мұғалімдер бағдарлама идеяларын тәжірибеге енгізіп, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері оларға әдістемелік қолдау көрсететін болады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: