«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мамандарының хабарлауынша, білім сайысы Тайландтың Накхонпатхом қаласында 2017 жылдың 6-15 шілдесі күндері өткізілген. Әлемнің 76 елінен келген 304 оқушы химия пәнінен сынға түскен. 

- Қазақстан Республикасы құрама командасы қатарында төрт қатысушы болды. Олимпиада қорытындысы бойынша, Талдықорғанның 1 оқушысы алтын және Алматы, Тараз, Павлодар қаларынан барған оқушылар бір-бір күміс медальға ие болды. Павлодардан барған оқушының аты Рахимов Темірлан. Павлодар қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы. Мұғалімі - Ордабаев Алмас Еркінұлы, - дейді мамандар.

pavlodarnews.kz

Тэги: