30 Сәуір 2021 жыл
Қаз Рус
Рус Каз

Павлодар ауданының кәсіпкері бәйгенің жылқысын өсіруді жоспарлап отыр

Павлодар ауданы Бірлік ауылындағы "Темірлан" шаруа қожалығында жүйрік тұқымды жылқылар өсіріледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Болат Бақауов өңірдегі жылқы шаруашылығы кешеніне де ат басын бұрды. Аудан әкімі өз кезегінде мұндағы ат спортын дамыту жоспарын көрсетті. Сонымен қатар, "Темірлан" шаруа қожалығы бұл жобаға 48 милионнан астам инвестиция салғанын атап өтті.

- Қазіргі таңда шаруашылықта 13 араб және ағылшын жылқысы тұр. Болашақта осындай асыл тұқымды жылқыларды өсіріп қана қоймай, оларды бәйгеге де дайынлаймыз, - дейді шаруа қожалық басшысы Әділ Нәкенов.

Аймақ басшысы кездесу барысында кәсіпкерге монетизациялау жобасын қолға алуға кеңес берді. Сонымен қатар, мұндай жобаға инвестор да клиент те табылатынын жеткізді.

- Мәселен, адамдарды атпен қыдырту не болмаса жылқыларды жалға беру жұмыстарын ұйымдастыруға болады, - деді Болат Бақауов.

Талғат Төре

pavlodarnews.kz

Тэги:

Жаңалықтар

Система Orphus
Павлодар ауданының кәсіпкері бәйгенің жылқысын өсіруді жоспарлап отыр
16.07 2017 12:15