Лебяжі ауданының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы М.Зиядиннің айтуынша, рейд барысында  өзен жағалауында мас күйінде балық аулаған екі адамды ұстап, ҚР Әкімшілік кодексінің 383-бабы бойынша іс қозғап, әрқайсысына 10 АЕК көлемінде айыппұл салған.

- Құтқарушылар азаматтарды жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін су айдынының түрлеріне қарамастан судағы қауіпсіздік шаралары мен қағидаларын біліп, міндетті түрде орындауларына шақырады. Рейдтің мақсаты суға шомылу кезеңінде жазатайым оқиғаларды бодырмау, - дейді ол.

Рейдтер уақытында демалушылармен судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау, су айдынының маңында алкогольді ішімдіктер ішуге тыйым салу бойынша профилактикалық жұмыс іске асырылды. Сонымен қатар, құтқарушылар белгіленген нормалар мен ережелерді бұзған адам қандай әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді. Дәл осы жерде профилактикалық топ "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 364, 412 және 440-баптарын мысалға келтіре отырып, 150-ден астам жадынамалар мен бүктемелерді таратты.

pavlodarnews.kz

Тэги: