Кеше Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалынла "Астана арландары" командасы "Куба Қабыландарымен" кездескен болатын. Ұлттық құрама сапында Павлодардан жалғыз боксшы - Олжас Бұқаев жұдырықтасты. +91 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз кубалық Йоандри Тоиракты тізе бүктіріп, Қазақстанға жеңіс алып келді.

- Олжас енді екі аптадай уақыт демалып, қыркүйекте болатын Федерация кубогына дайындалады. Оған Павлодар, Петропавл, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары қатысады. Павлодар командасының құрамында Олжаспен бірге 10 боксшы жұдырықтасады, - дейді облыстық бокс федерациясының президенті Азамат Мақажанов.

Айта кетейік, кеше Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында елорда төрінде өткен финалдық кездесуде "Астана арландары" үшінші рет WSB чемпионы болды.

Тілеуберді Сахаба

 

pavlodarnews.kz

Тэги: