Кездесу гол алмасумен басталды. Әуелі тараздық Думан Тұрсынбай командасын алға шығарды. Бірақ, павлодарлық Руслан Есімов араға бірнеше минут салып таразы басын теңестірді. Бірінші тайм барысында қонақтар Думан Тұрсынбайдың голының арқасында тағы да алға шықты. Дегенмен, Руслан Есімов те дубль авторы атанып, теңдік орнатты.

Екінші таймда шабуылшы Арман Смаилов ұрымтал сәттің бірінде допты қақпаға жіберіп, «Ертіске» жеңіс сыйлады. Қонақтар қанша шабуылдағанымен көрсеткіш өзгермеді.

— Ойын екі жақты әсер қалдырды. Бірінші таймда біз нашар өнер көрсеттік. Үзіліс кезінде жігіттерге қателіктерін айтып көрсеттім, екінші таймда ойынды бір қалыпқа келтірдік. Бар күштерін салып кездесуді соңына дейін жеткізгендері үшін жігіттерге рахмет айтамын. Біздің ойынды күшейтіп берген негізгі құрамның футболшыларына ерекше алғыс білдіремін, - деді жастар командасының бас бапкері Асхат Мұсатаев.

Айта кетейік, бұл жолы командада негізгі құрамның бірнеше ойыншысы өнер көрсетті. Олар: Руслан Есімов, Мирас Тулиев пен Владислав Огиря.

Абзал Қабдраш
Суреттерді түсірген - автор

pavlodarnews.kz

Тэги: