Бұл туралы Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Қала әкімі Әнуар Күмпекеев жаңадан тағайындалған орынбасардың алдына бірқатар міндеттер қойды, - деді баспасөз қызметінде. - Ермұрат Нұрхановқа қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын жандандыруды, жылу беру маусымының өтуін және облыс орталығындағы тұрғын үй құрылысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Ермұрат Нұрханов 1979 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданында туған. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Басқару мен ақпаратты өндеудің компьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 2002 жылы Шарбақты ауданы Шегірен орта мектебінің компьютер сыныптарын жабдықтау инженері болып бастады.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2003 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы болып бастап, Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың шілде айына дейін Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2013 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың сәуір айына дейін коммуналдық мәселелер бойынша Павлодар қаласы әкімі орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып қызмет етті. 2016 жылдың шілде айынан 2017 жылдың қараша айына дейін Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қалалық әкімдік, билік, саясат