Ауыл әкімі Аждар Жүсіповтың айтуынша, ойын 2001-2006 жылы туылған балалар арасында өтті. Қатысаушылардың барлығы ауыл тұрғындары. Кейбіреулері ауыл мектебінде оқыса жартысы қала колледждерінің бірінші курсында білім алады.

-Турнир қорытындысы бойынша, «Зубкова» командасы бірінші, «Карапетена» командасы екінші орынд еншілесе, «Постикова» ойыншылары үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталдыү Сондай-ақ, Ислам Сүлейменов «Үздік қорғаушы» Ілияс Сарқытбаев «Үздік шабуылдаушы», Евдокин Канавалов «Үздік қақпашы» аталымы бойынша марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік төреші» аталымы Іляс Баймолдиновқа берілді. Тіпті, ойыншыларды ерекше қолдау көрсеткен жанкүйерлер де сыйлықтан тыс қалған жоқ, - дейді Аждар Жүсіпов.

Айта кетейік, ауылдағы «Нұртас» балалар-жастар спорт клубында бүгінде спорттың жеті түрі бойынша 140 бала жаттығады.

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz

Тэги: