Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше 16:04 минутта кезекші бөлімге өрт туралы хабарлама келіп түскен.

- Өрт Горняков көшесі, 19 мекенжайында орын алды. 15 шаршы метр қызыл жалынның астында қалды. Үш адам эвакуацияланып, екі адам құтқарылды. 16:26 минутта от өшіріліп, 16:40 минутта тілсіз жау толықтай ауыздықталды. 1941 жылы туған әйел адам газбен уланып, ауруханаға жеткізілді. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда, - деді ТЖД.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz

Тэги: