Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Әлібек Длимов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

- Былтырғы жылдың осы уақытында 12 адам қайғылы жағдайға тап болған еді. Оның төртеуі кәмелеттік жасқа толмаған бала. Барлық жағдай тиым салынған орындарда суға түскендіктен болған, - дейді Әлібек Длимов. - Қазіргі уақытта күннің ыстығына байланысты балалар суға жүзе алмаса да қосымша жүзу құрылғыларын пайдаланып, суға кіреді.  Егер, оны дұрыс пайдална білмейтін болса, аударылып суға батып кету қаупі басым болады. Биыл жыл басынан бері суға шомылу орындарына жұмылдырылған жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 17 адамды және алты баланы судан құтқарып қалды. Оның төртеуі Астана күні мерекесі қарсаңындағы демалыс күндері орын алды.

Департамент бастығының сөзінше, жағалауда ішімдік ішетін адамдар да көптеп кездеседі. Жыл басынан бері осылай заң бұзған сегіз азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.

Тілеуберді Сахаба 

pavlodarnews.kz

Тэги: