Елбасымыз Н.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Әр азамат жақсылығын өз ауылынан бастасын, сонда еліміз нығайып көгереді» - деген мақсатты сөзін байрақ етіп, туған ауылына деген сүйіспеншілігін асқақтату аясында Егіндібұлақ ауылына кіреберіс жолдың бойына ауыл аты жазылған «Егіндібұлақ» белгісі (стелла) орнатылды. Стелланың салтанатты ашылуын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Баянауыл ауданының құрметті азаматы, ақын, ардагер ұстаз Зекебай Солтанбайұлы мен ардагер ұстазы Рамазан Жұмабаев ашты, - дейді Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімінде.

Мерекелік шара барысында аудан әкімі Оразгелді Қайыргелдинов барша қауымды құттықтады.

Өнерімен талай сахнада ән салған Асығат Тұрғанбек, Аспанбек Шұғатаев, Танат Ахатов, Қобыланды Болат, Садығазиндер ансамблі сынды азаматтар өнерлерін көрсетті.

Ауылдың меркелік кешінде ас берілді. Ат жарыс, палуан күрес, гір тасын көтеру, бөренеге шығу, балаларға арналған спорттық жарыстар өткізілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: