Бұл туралы ақпаратты облыс əкімі Əбілқайыр Сқақов өңірлік қоғамдық кеңестің отырысында жеткізді. Кездесу «Достық үйінде» өтуде.

- 2019 жылы тартылған инвестициялар көлемі 495 миллиард теңгеге жетті, - деді Əбілқайыр Сқақов. - Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 16 пайызға артық. Былтырғы инвестициялардың 80 пайызы жеке меншік салымдарға тиесілі.

Өңір басшысының айтуынша, 2020 жылы жарты триллион теңгеден астам инвестиция тарту көзделуде.

Айбек Жұматов
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, облыс, инвестиция, экономика