- 2019 жылы «Абай» ЖШС Өзбекстанға 36,6 тонна қой етін экспорттады, - дейді аудан әкімі Әзілхан Әбеуов. - Сондай-ақ «Исток» ЖШС Өзбекстан мен Тәжікстанға 17 мың 562 тонна бидай жөнелтті. Мемлекет тарапынан мал шаруашылығы саласына үлкен көмек көрсетіледі. Мемлекет берген көмек арқылы  ауданның мал шаруашылығы субъектілері 1 млрд 500 млн  теңге субсидия алды. Оның ішінде 800 млн теңге - мал шаруашылығына және 700 млн теңге - өсімдік шаруашылығына.

Бүгінгі таңда ауданның мал шаруашылығы саласында қара мал басының артуы байқалуда. 2019 жылдың басында 3 жыл ішінде мал басын 27,3 мыңнан 40 мың басқа дейін жеткізу міндеті қойылған болса, есептік жылы мал басы 33,2 мың басты құрап отыр. Бұл - 2018 жылға қарағанда 5,9 мың басқа артық.

Сондай-ақ қой мен жылқы саны өскен. Биылғы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қой   30,1 мың бас (121% 2018 – 24,8 мың бас) болса, жылқы 6,3 мың басты (108,4 % 2018 – 5,8 мың бас) құрайды.

Еске салай кетейік, 2013 жылдан бастап ауылшаруашылық өнімдерін сатумен айналысатын «Абай» ЖШС – ҚР агроөнеркәсіп кешені ірі компанияларының бірі. Ірі сауда желілері мен ҚР барлық аумағында мемлекеттік мекемелерге шұжық өнімдерін жеткізуші болып табылады. 2015 жылдан бері Ресей нарығына, 2016 жылы БАӘ-ге ет өнімдерін жеткізуді сәтті жүзеге асырды.

 Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, экономика