Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов аппараттық жиын кезінде мәлім етті.

Облыстық қаржы басқармасына төрт жылға жуық аймақтағы экономикалық және бюджетті жоспарлау ведомствосының басшысы қызметін атқарған Мақсат Тұрлыбаев тағайындалды. Ол 1987 жылы туылған. 2008 жылы Қазақстан менеджмент экономика және болжау институтын «Экономика және болжау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Сеул Ұлттық университетін мемлекеттік басқару магистрі ретінде оқып бітірген. 2008 бен 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.

Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы болып Ирина Назарчук тағайындалды. Ол осы мекеме басшысының орынбасары ретінде 7 жыл бойы қызмет атқарды. 1965 жылы Железинка ауылында дүниеге келді. 1982 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумына «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түседі. 1990 жылы Қазақ Ұлттық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдады. 1993 жылдан бастап әкім орынбасары, Железин ауданының қаржы бөлімінің басшысы, Павлодар облысының қаржы департаменті басшысының орынбасары, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім басшысы болып мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазым атқарған.

Мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығының орынбасары қызметін атқарған Бауыржан Ниязбек басқарма бастығы болып тағайындалды. Павлодар қаласының тумасы, 33 жаста. 2008 жылы Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтап, 2017 жылы Гуманитарлық-техникалық академиясының магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сарапшысы ретінде бастаған. 2018 жылға дейін бас сарапшы, қаржы бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарған. Кейін ол Ақтөбе қаласы әкімінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы болды, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

Владимир Платов индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша, сонымен қатар Томск басқару жүйелері және радиоэлектроника университетін "экономика және кәсіпорынды басқару" мамандығы бойынша аяқтаған. Банк жүйесінде және жеке секторда жұмыс істеп, түрлі басшылық қызметтерде болған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, тағайындау, саясат