Павлодар облысының статистика департаменті 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын мәлім етті.

-    2020 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 54,3 миллиард теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 115,1 пайызды құрады, - деді департаментте. – Инвестициялардың негізгі көзі меншікті қаражат болып табылады 40 миллиард теңге немесе жалпы инвестиция көлемінің 73,6 пайызын құрайды. 2020 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5 миллиард теңгені құрады. Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 48 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

Департаменттің хабарлауынша, 2020 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 503,2 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңде ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 26,6 млрд теңгені құраса, соның ішінде мал шаруашылығына 25,4 млрд теңге және өсімдік шаруашылығына 0,9 млрд теңге тиесілі.

-    2020 жылғы қаңтар-ақпандағы Павлодар облысының ЕАЭО мүше мемлекеттермен өзара саудасы 242 миллион АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында экспорт басым болды және 60 пайызды құрайды. Облыстан 145,2 миллион АҚШ долларына тең тауар шығарылды. Импорттың үлесі – 40 пайыз. Облысқа әкелінген тауарлардың көлемі 96,8 миллион АҚШ долларына тең, - деді департаментте.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 44868 бірлікті немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,2% құрады. Соның ішінде 10169 бірлік – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 106 бірлік – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 31291 бірлік – жеке кәсіпкерлер, 3302 бірлікті шаруа немесе фермерлік қожалықтары.

2020 жылдың 1 қаңтарына ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 134,5 мың адам немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,7% құрады.

Айта кетейік, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1858,9 млрд теңгені құрады.  

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, өзара сауда, экономика