Павлодар облысының статистика департаменті 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын мәлім етті.

-    Алдын ала деректер бойынша 2019 жылғы 4-тоқсандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 114571 теңгені құрады, - деді департаментте. – Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 14 пайызға артық көрсеткіш. 2019 жылғы 4-тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 177,4 мың теңгені құрады. Нақты жалақы индексі 108,4% құрады. Жалдамалы қызметкерлер саны – 197,2 мың адам.

Департаменттің хабарлауынша, 2019 жылғы 4-тоқсанда жұмыс күшінің саны 410 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70,4 пайызын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,7 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2020 жылғы наурыздың соңына 6,1 мың адамды немесе жұмыс күшіне 1,5 пайызды құрайды.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Павлодар облысы халқының саны 752 мың адамды құрайды. Қала халқы – 530,9 мың адам (70,6 %), ал ауыл халқы – 221,1 мың адам (29,4%).

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, экономика