Шараға Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қолдау көрсетті.

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 15 мен 29-ы аралығында онлайн мүшайра ұйымдастырылған болатын. Оған аймағымыздың кез келген тұрғыны қатысу мүмкіндігіне ие болды. Яғни, қатысушылардың жасы шектелмеген. Басты талап – елде жарияланған төтенше жағдай және карантинге қарамастан елге демеу болып, талмай еңбек етіп келе жатқан дәрігерлер, полицейлер және ұстаздар қауымын жырға қосу.

Оларға өлең арқылы алғыс айту болып табылады.

- Қатысушылар қатары көп болды. Барлығына ыстық ықыласымызды білдіреміз. Мүшайра қорытындысы бойынша, оқушылар арасында «Ұстаз - ұлы есім» аталымында екібастұздық Бексұлтан Қайдаров жеке дара көш бастады. «Ақ халатты абзал жан» номинациясының жеңімпазы - Алпысбай Хонж. «Қоғам сақшысы» атты аталымда ақын, Павлодар қаласының «Құрметті азаматы» Шолпан Байғалының өлеңі үздік шықты, - дейді облыстық «Halyg radiosy» директоры Жұмабек Сманов.

Жүлдегерлерге алғыс хаттар, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының атынан тұрмысқа қажетті бағалы сыйлықтар табыс етілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, мәдениет