Тікелей эфирдің қонағы болған Тимур Спатаев – қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше мәрте рекорд орнатқан ҚР рекордсмені. 25 тоннаны 20 шақырымға дейін сүйрейтін қара күш иесі.  

Эфир барысында спортшы 365 беті бар күнтізбелік кітапшаны 7-ге бөліп, рекорд орнатты.

- Қонағымызбен ашық сұхбат арасында жаңа рекорд тіркелді, - дейді музей директоры Жеңіс Молдабек. – Спортшы 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай павлодарлық жігіттерге сый ретінде кітапты 7-ге бөліп, рекорд жаңартты. Кітап – 365 беттік күнтізбе. Бұған дейін кітапты 3-ке бөліп рекорд орнатқан.

Сонымен қатар, эфирде Тимур Спатаев бірнеше сайыс түрін жариялады. Спортшы дәл осындай күнтізбені бөліп жыртқан адамға арнайы сыйлығы бар екенін айтты.

Тимур Спатаевпен кездесудің бейнежазбасын Facebook желісіндегі музейдің парақшасынан тамашалауға болады.

Айта кетейік, Бұқар жырау атындағы музей карантин кезінде елімізге белгілі тұлғалар, танымал жұлдыздармен 10-ға жуық тікелей эфир өткізді.


Оразбек Саяхат

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет