Бұл туралы облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Абыкешев мәлім етті.

- Аталған жарысты еліміздің дене шынықтыру және спорт комитеті мен республикалық тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастырды, - деді Нұрсұлтан Абыкешев. - Онлайн байқауда барлық өңірден 90-нан астам спортшы қатысты. Павлодар облысының намысын 8 спортшы қорғады.

Тоғызқұмалақшылар ерлер мен әйелдер, 40 жастан асқан ерлер мен 40 жастан асқан әйелдер болып 4 топта сынға түсті.

Павлодар облысының спортшысы Ринат Керейбаев ерлер арасында 1-орынға қол жеткізді.

Еске салайық, Ринат Керейбаев бұған дейін 18-19 сәуірде еліміздің жоғары оқу орын студенттері арасында өткен тоғызқұмалақтың блиц түрінен онлайн жарыста да 1-орын иегері атанған болатын.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: тоғызқұмалақ, спорт