Аудандық ішкі саясат бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, қаржыландырудың жалпы сомасы 331,2 млн теңгені құраса, соның ішіндегі 298,1 теңгені республикалық, ЖБ - 33,1 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.

- Ауыл мәселелеріне тікелей назар аудару аудандардағы өмір жағдайын жақсартады. Сонымен бірге ауыл аумақтарының инфрақұрылымын белсендірек жаңғыртуға мүмкіндік береді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аудандарда болашақ өркендеудің негізі болады, - деп хабарлайды аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері.

Биыл Успенка ауылында аудандық аурухана мен стадионды күрделі жөндеуден өткізіп, бес көшені ретке келтіру жоспарлануда. Жұмыстардың біраз бөлігі Галицкое ауылында жүзеге асырылмақ. Мұнда мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен мектеп ғимараттары толығымен жөнделеді.

Айта кетейік, Павлодар облысында 2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3,9 млрд теңге бөлінді.

Аталған жоба былтыр пилоттық режимде өңіріміздің Ертіс, Железин, Баянауыл және Тереңкөл аудандарында жүзеге асырылған еді.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Ауыл - ел бесігі, инфрақұрылым, бюджет, экономика