Ertis ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, ойыншылар медициналық тексерістен өтіп, Казақстанның кәсіби футбол лигасының ұсынымдарына сәйкес топтық жаттығу жұмыстарын бастады.

- Ойыншылардың барлығы дерлік керемет көңіл күйде, жаттығу жұмыстарына зор ынтамен кірісіп кетті, - деп хабарлайды клуб баспасөз қызметі. - Карантинге байыланысты олар топтық дайындық жүргізе алмай, жекелей ғана жұмыс жасады.

Кеше футболшылар жаттығуын ардагерлер тамашалады. Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Малахов пен тыл еңбеккері Яков Бер ойыншылармен тілдесіп, командаға жеңістер тіледі. Футболшылар өз кезегінде, ардагерлерді өткен Жеңіс Күнімен құттықтап, ақсақалдарға естелік сыйлықтар табыс етті.



- Біздер - жанкүйерлер футбол ойындарының қайта жанданғанын асыға күтудеміз, - дейді ардагерлер. - Командамызға жеңіс тілейміз. Сіздер табысқа жететіндеріңізге сенеміз.

Естеріңізге сала кетейік, Ertis екі турдан кейін карантин салдарынан үзілген Премьер-лига кестесінде бір ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

Айбек Жұматов
Фото: Ertis ФК

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ertis ФК, футбол, спорт