Бұл туралы Павлодар облысының статистика департаменті мәлім етті.

-    2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2805,9 миллиард теңгені және 2018 жылғы сәйкес кезіңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады. 2020 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 73,5 миллиард теңгеге жетті. Инвестициялардың негізгі көзі меншікті қаражат болып табылады – 53 миллиард теңге немесе жалпы инвестиция көлемінің 72 пайызын құрайды.

Сондай-ақ 2020 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 682,7 млрд теңгені құрады.

Ал, 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі бөлшек сауда көлемі 102,1 миллиард теңгені құраса, көтерме сауда тауар айналымының көлемі 106,4 миллиард теңгені құрады.

-    2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 44983 бірлікті немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,2 пайызды құрады. Оның ішінде 10216 бірлік – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 106 бірлік – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 31380 бірлік – жеке кәсіпкерлер, 3281 бірлікті шаруа немесе фермерлік қожалықтар, - деді департаментте.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, экономика