29 жастағы кәсіпкер 2019 жылы 21 күндік курсқа қатысқан.

- Оқу барысында салық есебі, бизнесті ашу және әрі қарай дамыту, маркетингтік зерттеу бойынша көп тәжірибе жинақтадым, - дейді жас кәсіпкер. - Бизнес жаттықтырушылар проблемалық жағдай тудыру арқылы шешу жолдарын талқыладық. Грант қаржысына жиһаз және балалар алаңын шығару үшін құрал-жабдық сатып алдым.

Гүлмира Кокушеваның негізгі мамандығы – әлеуметтік қызметкер.

Бастапқыда білім беру орталығын ашуды көздеген, дегенмен кейін қаржы мен барлық жағдайды ескере отырып, жиһаз және балалар алаңына арналған жабдықтар шығаруды жөн көрген.

Жұмысқа қажетті кептірілген сапалы ағаштарды Шалдайдағы «Ертіс орманы» резерватынан алады.

- Жолдасым ағашпен жақсы жұмыс істейді, - дейді ол. – Оның ішінде төбешіктер, құмсалғыштар, орындықтар бар. Қазақстан бойынша жастар жобалары аясында Ақсу, Павлодар қалаларына балалар алаңдарын құрастыру бойынша үлкен тапсырыстар орындадық. Әрине, карантин кезінде кәсібіміз тоқтап қалды. Алайда алдағы уақытта отбасылық бизнесті әрі қарай дамытқымыз келеді. Бүгінде жолдасым мен көмекшісі жұмыс істейді. Екінші Павлодарда бос тұрған үлкен көлікжай мен ауламыз бар.

Еске сала кетейік, 10 маусымнан бастап кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бойынша оқытуды бастайды.

2019 жылы өңірде 2500-ден астам адам наурыз-қараша айлары аралығында «Бастау Бизнес» курсына қатысқан. Сондай-ақ Жастар жылы аясында «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 800 адам оқыған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, экономика