Бұл туралы ҚР шаңғы жарысының Ұлттық федерациясы мәлім етті.

- Команда басшылығымен шаңғы тебуден 2020-2021 жылғы дайындық және жарыстар маусымына штаттық Ұлттық құраманың тізімі бекітілді. Команда сапына 7 әйел және 9 ер спортшы енді. Құрама сапына спортшылар халықаралық шаңғы жарысы федерациясының рейтингісіне, республикалық және халықаралық жарыстардағы өнер көрсетулеріне қарай таңдалды. Бұл - құрама сапына енбеген спортшылардың мансаптары аяқталды деген сөз емес. Олар облыстық құрамалар сапында өнер көрсетіп, нәтижеге жетіп, іріктеу жарыстары арқылы Қазақстанның намысын халықаралық додаларда қорғай алады, - деді федерацияда.

Ұлттық құрама сапына Павлодар облысынан Анна Шевченко, Дарья Ряжко және Ирина Быкова енді.

Сонымен қатар, шаңғы жарысынан еліміздің жастар құрамасына павлодарлық Елизавета Толмачева қосылды.

- Өткен маусымға қарағанда жастар құрамасында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Болашағынан үміт күттіретін көп жастар келді. Команда географиялық жағынан да кеңи түсті. Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарынан – 6, елордадан – 3, Алматы облысынан – 2, Ақтөбе, Павлодар және Ақмола облыстарынан 1 спортшы енді, - деді федерацияда.

Айта кетейік, жастар құрамасы 10 шілдеде Щучинск қаласында шаңғы спортынан Ұлттық орталықта алғашқы жазғы оқу-жаттығу жиындарын бастайды.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, шаңғы, спорт