Серік Барлыбайұлы 1964 жылы Ертіс ауданында туған. 1990 жылы «Агрономия» мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылық институтын, 2004 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Ертіс ауданындағы «Голубовский» совхозының №1 бөлімшесінде жұмысшы болып бастады. 1990-1993 жылдары Голубовка совхозының бас агрономы болған. Әртүрлі жылдары (1993 жылдан 1999 жылға дейін) Петропавл қ. «Сембат» ЖШС, Ертіс ауданының «Беловодское ХПП» АҚ, «Иса Байзақов ат.» ЖШС, «Алтыншы ауыл» ЖШС директоры болып қызмет атқарған.

1999 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген: Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары, Тереңкөл ауданының әкімі, Ақтоғай ауданының әкімі, Ертіс ауданының әкімі болған.

«Астана 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: саясат