Іріктеу кезеңінің қатысушылары Алғыс хатпен марапатталды, сертификат және естелік сыйлыққа ие болды.

- 2-сынып оқушысы Ясмин Оспанова «Бала дауысы - 2020» байқауында «Анашым ана жаным», «Мен қазақтың қызымын» атты екі әнді орындады, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Жетекшісі вокал бойынша мектеп педагогі Зибагүл Ыдырысова Алғыс хатпен марапатталды. Мектепте қыз өте жақсы оқиды, вокалмен 6 жастан бастап айналыса бастады. 2018 жылы мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткен «Бүлдіршін» облыстық фестиваліне алғаш рет «Алақай» әнімен қатысып, жеңімпаз атанды. «Promenad» концерттік сахнаның ашылуында ән шырқады. 2020 жылы «Робот Бронислав» әнімен «Көктемгі қиялдар» онлайн байқауына қатысып, II дәрежелі дипломант атанды. Үнемі мектептің іс-шараларына қатысады. Мектептегі вокал үйірмесіне қатысады, 2019 жылдан бастап Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде вокал бөлімінде оқиды.

Сондай-ақ 5-сынып оқушысы Дарья Садовникова «Туған жер» әнін орындады. Вокалмен мектептегі «Веселята» вокал тобында 7 жастан бастап айналысады, музыка пәнінің мұғалімі Марина Соловьева. Даша «Звезда удачи» халықаралық вокалдық байқауының, «Newstar» халықаралық байқаудың жеңімпазы (2020 жыл). Укулелде ойнайды, ән айтуды, би билеуді ұнатады. Мектепте жақсы оқиды.

2-сынып оқушысы Софи Александр Ермоловтың «Будет» әнін орындап, сертификат алды. Вокалмен мектептегі «Алые паруса» вокал тобында 6 жастан бастап айналысады, мұғалімі Марина Соловьева. Софи өте жақсы оқиды, ән айтуды және би билеуді, сурет салуды, мүсіндеуді ұнатады. Павлодар қаласының «Triada sport dance studio» спорт және би студиясына қатысады.

6-сынып оқушысы Малика Суенова «Мама мария» итальян тілінде ән шырқап, сертификат алды. Ол 7 жастан бастап мектептегі «Blekstar» вокал тобында вокалмен айналысады, мұғалімі Марина Соловьева. Малика мектепте жақсы оқиды, ән айтуды, би билеуді, саяхат жасауды ұнатады. 2018 жылы «Күзгі марафон» республикалық байқауында III орынды алды.

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет