Бұл туралы облыстық туризмді және спортты дамыту басқармасы жоғарғы спорт бөлімінің басшысы Олег Колев мәлім етті.

-    Қазіргі уақытта бокстан Серік Теміржанов, жүзуден Аделаида Пчелинцева, жеңіл атлетикадан Ольга Сафронова және еркін күрестен Әбдіманап Байгенжеев пен Мамед Ибрагимов оқу-жаттығу жиынында, - деді Олег Колев.

Боксшылар Алматы облысының Талғар ауданында, күрес палуандары Ақмола облысының Щучинск қаласында, жеңіл атлетшілер мен жүзушілер Алматы қаласында жаттығуда.

-    Әзірге тек қана жаттығу жасап жатыр. Республикалық және халықаралық жарыстардың қашан басталатыны белгісіз. Жоспар бойынша тамыз айында басталу керек болған, - деді Олег Колев.

Еске салайық, павлодарлық боксшы Серік Теміржанов Амманда өткен іріктеу турнирында қола медаль еншілеп, Токио олимпиадасына жолдама ұтып алған болатын.

Оразбек Саяхат

Фото: olympic.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, спорт