Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясы мәлім етті.

-    Федерациямыз Қазақстанның 28-ші чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок пен медальдарды жіберді, - деді федерацияда.  – Биылғы чемпионатта павлодарлық командалар 1 күміс, 2 қола медальге қол жеткізді.

Павлодар облысының әйелдер командасы «Ертіс-Казхром» Ұлттық лигада 3-орынға табан тіреді. Ал, 23 жасқа дейінгі жоғарғы лигада павлодарлық қыздардың «Ертіс-Казхром» командасы да үздік үштікті қорытындылады.

Сонымен қатар, ерлер арасындағы 23 жасқа дейінгі жоғарғы лигада «Павлодар-2» командасы күміс медаль иегері атанды.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты волейболдан ел чемпионаты уақытынан бұрын аяқталған. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі кейінге шегерілген болатын.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, волейбол, спорт