Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымы мәлімдеді. Ұйымның дерегінше, пандемия салдарынан биылғы жылдың екінші тоқсанында 400 миллион адам жұмысынан айырылған. Жұмыссыздық зардабын әсіресе әйел адамдар тартуы мүмкін дейді мамандар.

Гай Райдер, халықаралық еңбек ұйымының бас директоры:

- Вирустың таралуына тосқауыл қоя алмай отырған елдердегі ахуалды көріп отырмыз. Жұмыссыздар саны артты, кіріс көлемі азайды. Әрине, әр елде жағдай әртүрлі. Бірақ барлық мемлекет экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да қиын кезеңге тап болды. Індеттің кесіренін әсіресе дамушы елдер қатты зардап шекті.

Пандемия кесірінен Францияның Airbus компаниясы 15 мың қызметкерді жұмыстан шығармақ. Алдын ала мәліметке қарағанда Германияда - 6 мың, Францияда – 5 мың, ал Ұлыбританияда 1700 орын қысқарады. Компания басшылығының мәлімдеуінше, штат санын азайту тығырықтан шығудың жалғыз амалы.

pavlodarnews.kz

Тэги: