Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Аргентина құрамасы мен "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси карьерасындағы 700-ші голын соқты.

Кеше түнде "Барселона" өз алаңында "Атлетика" командасын қабылдап, 2:2 есебімен тең тарқасты. Алаң қожайындарының екінші голын аргентинкалық шабуылшы он бір метрлік айып добынан соқты. Бұл Мессидің карьерасындаңы мерейлі 700-ші голы болды.

33 жастағы шабуылшы "Барселона" сапында 630, ал Аргентина құрамасы сапында 70 гол соқты.

Аргентиналық шабуылшы "Барселона" сапындағы бірінші кездесуін 2004 жылы өткізіп, сол уақыттан бері команданың негізгі ойыншысы атанып келеді. Сол уақыттан бері ол каталониялық клубпен бірге алты рет Испания кубогін, төрт рет Чемпиондар лигасын, он рет Испания чемпионы атанған. Одан бөлек, Месси алты рет "Алтын допты" ұтып алды.

pavlodarnews.kz

Тэги: