Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

 "Химнасия және Эсгрима" клубын жатықтыратын аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона Испания құрамасының бас бапкері болуы мүмкін.

Антонио Торрес Испания футбол федерациясы басшылығына келсе, ол аргентиналықты бапкер қызметіне алмақ.

Ол тіпті қазірдің өзінде Марадонамен келісіп қойған көрінеді. Келісімшарт екі жылға жасалады, ал міндет 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының финалына шығу делінген.

Торреске федерацияны басшысы сайлауында басты бәсекелес Луис Рубиалес. Ал Испания құрамасының қазіргі бас бапкері Луис Энрике. 

Марадона "Химнасия" командасын 2019 жылы қыркүйекте жаттықтыра бастады. Оған дейін 59 жастағы маман мексикалық "Дорадос", араб әмірліктерінің "Аль-Васл" және "Аль-Фуджайра" командаларын, сондай-ақ, Аргентина құрамасының бас бапкері болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: