Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мердігер «Импортер.Кз» ЖШС ұйымы болды.

- Алаңдар әртүрлі жастағы аймақтарға бөлінген. Балалар үшін әткеншектер мен төбешіктер, спортпен шұғылдануға арналған көше тренажерлері және орындықтар орнатылған. Мойылды жыл сайын дамып келеді, жаңа үйлер, әлеуметтік нысандар мен жолдар салынуда, - деді Мойылды ауылы әкімдігінің бас маманы Ерғали Әбушахманов.
Жаңа әткеншектер, орындықтар мен тренажерлерге балалар ғана емес, ересектер де қуануда.

- Енді бізге көрші аулаларда серуендеудің қажеті жоқ, себебі балалар үшін бәрі өзімізде бар, - деп атап өтті ауыл тұрғыны Диана Әубәкірова.

 

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт