Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Барселона" сапынан кетуі ықтимал.

Мәлімет бойынша, Форвард клубпен келісімшартты ұзартуға қатысты келіссөзді тоқтатыпты. Месси клуб ішіндегі ақпараттың сыртқа шығып кететіне және өзі қабылдамаған шешімдер үшін кінәлі етіп қойятынына наразы екен. Сонымен қоса, ойыншының клубта жеңіс жоспарының жоқтығына көңілі толмайды.

Еске салайық, 33 жастағы Месси "Барселона" түлегі. Биылғы мауымда ол Испания чемпионатындағы 28 матчте 22 гол салып, 17 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, шабуылшы Чемпиондар лигасындағы алты ойында екі гол соқты және үш ассист жасады.

Футболшының каталондық клубпен келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген.

pavlodarnews.kz

Тэги: