Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері үш иінді баспалдақ пен арнайы құралдардың көмегімен пәтерге екінші қабаттың терезесі арқылы кіріп, кіретін есікті ішінен ашқан.

- Басын жарған әйел адам еденде жатқан. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасын шақырды, - дейді департаментте.

Сол күні құтқарушылар Ледовский көшесі, 21 мекенжайы бойынша шақырту алды.

89 жастағы зейнеткер есікті ашпаған және телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағының төрт қызметкері шықты.

Құтқарушылар учаскелік инспектордың қатысуымен бірінші қабаттың балконына көтеріліп, балконның есігін ашқан.

Пәтерге кіріп, ішкі есікті ашқан кезде 1931 жылы туған әйелдің аман екені анықталды. Зейнеткерді туысқандарына тапсырды.

 

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам