Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн форматта өткізген баспасөз конференциясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан  Қасымов мәлім етті.

-  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнестің 29 категориясы 2020 жылдың 1 қазанына дейін жарна төлеуден босатылды.  Павлодар облысында мұндай жеңілдікке 18 мыңнан астам шағын және орта бизнес  субъектісі ие болды.  Бұл – мемлекеттік қолдау шараларының бір түрі, - дейді Нұрлан Қасымов.

Спикердің айтуынша, егер ШОБ субъектісінің сақтандырылмаған бір қызметкері емханаға жүгінген болса, Qolday 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы  өзінің деректерін жібере алады.

Оған бір айға уақытша сақтандырылғаны жөнінде мәртебесі тағайындалады. Осы  уақыт ішінде жұмыс беруші әлеуметтік сақтандыру қорымен жұмыс істеуі тиіс. 

- Бүгінгі таңда әлеуметтік сақтандыру қорыннан  жоспарлы емдеу мен оңалтуға арналған қаржы қолданылмайды. Сондықтан қазіргі таңда емді аса қажет ететін азаматтарға жұмсау туралы сұрақ туындап тұр. Осыған байланысты үкімет пен министрлік тарапынан қандай шешім қабылдайтынын күтеміз, - дейді филиал директоры.

Еске сала кетейік, шағын және орта бизнес өкілдері 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылды. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

 

Ақбота сейсенбаева

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам