- Бұл мақсатқа 2 млн 296 мың теңге қаражат бөлінген, - дейді  спорт мектебі  директорының орынбасары Ақан Жүсіпбаев. - Келісімшарт бойынша сома  - 2 млн 43 мың теңге. Мердігер  «NamysStroi-Group» ЖШС 2020 жылдың 1 мамыры – 1 маусымы аралығында  жұмыс істеп, нысанды дер кезінде тапсырды.    

30 жылдан бері залдың едені ауыстырылмаған. Мемлекеттік бағдарлама аясында жөндеу жұмыстарымен санитарлық тораптар мен жуынатын бөлме қамтылып, ағаш еден цемент-бетон жабындысына ауыстырылған.  

Нысанның қабырғалары мен төбесі әктеліп, сырланды, жарықтандыру шамдары алмастырылды.

300 шаршы метр аумақты ретке келтіру үшін төрт адам жұмыс істеген. Екеуі жұмыспен қамту орталығынан қабылданған.

-   Мұнда 70-тен астам бала жеңіл атлетикамен шұғылданады. Жазғы және қысқы Президенттік көпсайыс бойынша 45 адам оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Шамамен 200 адам спортпен шұғылдануға келеді.   

 

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам