- Кеше, 9 шілде күні сағат 14.30-да Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай диспетчерлік пультіне Ақсу қаласында 1999 жылы туған қыздың суға батып кеткені туралы хабар түсті. Ол Белая өзенінде достарымен бірге демалып жатқан. Алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін суға кіріп, мастықтың салдарынан батып кеткен. Қызды құтқармақ болған достарының бірі өзі тұңғиыққа кете жаздады. Оқиға орнына жақын жерде болған куәгер ер адам мен жеке меншік жағажайдағы қоғамдық құтқарушы әйел адам ер адамды жағаға алып шықты. Өкінішке қарай, бұл кезде қыз бала суға батып кетті, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Облыс орталығынан Ақсуға сағат 14:40-та жеткен сүңгуірлер тобы өзеннің түбін бірнеше сағат бойы тексергенмен қаза тапқан қыздың денесін таба алмады.

Қараңғы түскен соң құтқару жұмыстары тоқтатылып, іздеу жұмыстарын тәуліктің жарығымен қайта жалғастыру туралы шешім қабылданды. Іздеу жұмыстары бүгін таңертең қайта басталды.

Фото: Павлодар облыстық ТЖД

pavlodarnews.kz

Тэги: