Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындары жанкүйерсіз өтеді.

Сондай 2020/21 маусымда бұл турнирді іріктеу кезеңдері де жанкүйерсіз өтеді.

"Қазір әлемде болып жатқан жағдайды назарға ала отыры УЕФА-ның атқарушы комитеті УЕФА турнирінде ойындар алдағы уақытта өзгерістерге дейін жанкүйерсіз өтеді. Мұндай шешімді ұлттық ассоциациялармен және Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі өтетін Португалия, Германия және Испания басшыларымен ақылдаса келіп шығардық. Сонымен қатар бұл шектеулер 2019/20 жылғы маусымдағы жастар арасындағы турнирлерде де сақталады", - делінген УЕФА таратқан хатта.

УЕФА бұған дейін коронавирусқа байланысты тоқтап қалған Чемпиондар лигасы ары қарай 12-23 маусым аралында Лиссабонда өтетін айтты. Командалар тек бір матчтан өткізеді. Ал Еуропа лигасы 1/4 финалдан бастап өтеді. Ойындарды 10-21 маусым аралындағы Германия қабылдайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: