Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

- Конституция, 23 және Дружба, 2 көшелерінде орналасқан үйлерде болып қайттым. Жұмыстар белсенді жүріп жатыр. Мердігерлер жөндеуді уақытында аяқтаймыз деп сендірді. Пайдалануға берілгеннен кейін кезекте тұрған 210 отбасының 144-і қоныс тойын тойлайды, - дейді Екібастұз әкімі.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Солнечный кентінде № 3 балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде де жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

1000 шаршы метр көлеміндегі шатыры ауыстырылады. Мердігер ұйыммен шарт жасалған.

Кенттегі спорт мектебінде 315 бала, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жастар да волейболмен, еркін күреспен, футболмен және хоккеймен айналысады.

pavlodarnews.kz

Тэги: