Бұл туралы Akhbar el-Youm порталы жазды, - деп хабарлайды  tengrinews.kz  РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға Александрия жағалауында болған. Жергілікті тұрғындар бұл жерді "өлім жағалауы" деп атайды, себебі соңғы уақытта адамның суға батып қайтыс болған оқиғалары жиілеп кеткен. Ақпарат бойынша, он адам батып бара жатқан баланы құтқарамын деп, бір мезетте өздері суға кеткен.

 Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 05.20-да болды. "Адамдар патрульдің көзіне түспеу үшін осы уақытта суға шомылуға шешім қабылдаған, өйткені биліктің нұсқауы бойынша, бұл жерде тәулік бойы шомылуға тыйым салынады", - деп хабарлайды басылым.

Айта кетейік, Мысырдың барлық жағажайы, қонақ үй аумағында орналасқандардан басқа, наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты жабылған. 

pavlodarnews.kz

Тэги: