Павлодар облыстық ТЖД Іnstagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 12 шілде күні сағат 14.11 минутта ТЖ басқармасының пультіне 18 Южная, 40 А № 2-ші пәтер мекенжайы бойынша тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

- Үйдің төбесінің 90 шаршы метр аумағында  ағаш құрылымдар жанғаны анықталды. Жалын көршілес орналасқан адам тұрмайтын №1 бірінші үйге ұласып, 45 шаршы метрді қамтыды, - дейді Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының аға инженері, азаматтық қорғаныс капитаны Әдебиет Өтепов.

Сондай-ақ ВАЗ-2112 көлігі жанып кеткен.

ТЖ басқармасының мамандары қала тұрғындары мен қонақтарын өртке қарсы ережелерді қатаң сақтауды сұрайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: