Instagram әлеуметтік желісіндегі tipavlo.dar паблигінде патрульдік машина Павлодар көшелерінің бірінде тоқтағаны түсірілген видео орналастырылған.

Машинадан полиция қызметкері шығып, асфальтта жатқан көгершінді қолына алып, оны жол жиегіне көгалға  орналастырады.

- Мейірімділік посты: бірнеше минут бұрын терезеге қарап, жолдың үстінде тұрған  тірі көгершінді көріп қалдым. Алайда өтіп бара жатқан жүргізушілерден ешқайсысы тоқтаған жоқ,  құсты басып кету қаупі төнген еді.  Бір кезде жол полициясының қызметкерлері тоқтап, көгершінді өлімнен құтқарып қалды, - деп жазылған хабарламада.

Тәртіп сақшыларының әрекетін видеодан көрген әлеуметтік желі қолданушылары оң пікірлерін жазып, алғыс айтуда.

 

 @tipavlo.dar

pavlodarnews.kz

Тэги: